$ 494.87  520.65  4.91

«Мастығымды пайдаланды»: Алматылық ару бұрынғы танысын өзін зорлады деп айыптады

Элина прокурорлардың істі сотқа жібермеуінен күдіктенетінін айтады.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Желіде 22 жастағы Элина есімді ару видео жариялап, өзін зорлаған азаматқа байланысты істің сотқа жетпей тұрғанына шағымданды. Алматылық арудың айтуынша, ер адам 8 наурыз түнінде барда оған алькогольдік сусын беріп алдап, кейін таксимен өз пәтеріне апарып, ойындағы әрекетін іске асырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Элинаның айтуынша 2023 жылы наурыз айының 8-нен 9-на қараған түні құрбысымен барға демалуға барған. Сол жерде олардың жанына арудың бұрынғы танысы келіп, бірнеше рет әңгімелесуге тырысқан. Кейін тіпті алькогольді коктейл ұсынған.

Ұсынған коктейльді ішкеннен соң, шамадан тыс мас болып қалдым. Кейін құрбым екеуіміз үйге қайтпақ болдық. Сол сәтте ол үш  мекен-жайға бір такси шақыруды ұсынды. Кейін біз бірінші құрбымды үйіне жеткізіп салған соң, күдікті менің мастығым мен қорғансыздығымды пайдаланып, менің рұқсатымсыз такси қызметін тоқтатып, жаңасын шақырды. Онда ол өз пәтерінің мекен-жайын жазып, сол жерде маған зорлық жасады, – деді алматылық.

Ару біраз уақыт есін жия алмайтын жағдайда болғанын айтады. Ал өз-өзіне келген кезінде барынша қарсылық танытқан екен.

Келесі күні мен таныс емес есігі құлыптанған пәтерде жалғыз ояндым. Кейін құрбыммен байланысып, ол мені сол пәтерден алып кетті. Оқиғадан кейін Svet қорының көмегімен құқық қорғаушыларға жүгіндім. Арыз жаздым, қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Алайда тергеуге 288 күн болған кезде полиция істі прокуратураға тапсырды. Сол жақтан іс сотқа баруы керек еді, – деп қосты ару. 

Элина прокурорлардың істі сотқа жібермеуінен күдіктенетінін айтады. Айтуынша олар тіпті сол күні жеткізген такси жүргізушілерінен мән-жайды сұрату үшін істі қайта тергеуге берген. 

Олар нақты әрі тікелей дәлелдерге қарамастан оқиғаға 288 күн өткеннен кейін кенет такси жүргізушілерінің куәлік етулерн қажет етті. Жамбастың ішкі бөлігінде және денемде қарсыласу нәтижесінде алған көгерудің болуы, іш киімде күдіктінің сперматазоидының анықталу, қынаптан қан кетуі, іш киімдегі қан іздері екі сот медициналық сараптамасында анық көрсетілген. Осы жағдайдан соң менде сұрақтар пайда болды. Барлық тікелей дәлелдердің барына қарамастан прокуратура не мақстапен істі сотқа жібермей отыр? Прокурорларды сатып алған ба? Мемлекеттік орган бұл істі жаймен жауып тастауға тырысып жатыр ма?, – деді ару.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары