$ 439.43  473.31  4.82

Нұртөре Жүсіп: Біздің мәдени деңгейіміз, жеткен жеріміз осы ма?

Былтыр Тәжікстанның жеміс-жидегіне таласқан жұртты көріп жағамызды ұстаған едік. Дәл жаңа жылдың алдында шоколад шыршасын бір минутта тайпап кеткендерді де көрдік.

Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Нұртөре Жүсіп Премьер-Министрдің атына жолдаған сауалында халықтың мәдени деңгейіне қатысты проблемаларды көтерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Былтыр Тәжікстанның жеміс-жидегіне таласқан жұртты көріп жағамызды ұстаған едік. Дәл жаңа жылдың алдында шоколад шыршасын бір минутта тайпап кеткендерді де көрдік. Осы видеолар халықаралық пабликтерде мыңдаған қаралым жинап жатыр. Сонда біздің мәдени деңгейіміз, жеткен жеріміз осы ма?, – деді сенатор Нұртор Жүсіп өзінің сауалында.

Депутат мемлекет тарапынан халықтың мәдени деңгейін көтеруге, таным-түсінікті кеңейтуге бағытталған бірқатар жұмыстар жүргізіліп келе жатқанын атап өтті. Атқарылған жұмыстардың бәрінің түпкі мақсаты – елдік санамызды оятып, тарихи жадымызды қайта қалпына келтіруді көздейді. Дегенмен, депутаттың пікірінше, осының бәрі жеткіліксіз.

Президент "Толық адам", "Адал азамат" деген идеяларды ұсынды. Бұл да құндылық. Осының бәрін кім жүйелейді? Айтылған сөз айтылған жерде қалмауы керек қой. 20 млн Қазақ Еліне ортақ осындай құндылықтар жүйесі қашан жасалады? Жас ұрпақ тәрбиесі мен мәдени деңгейімізді көтеру мәселесіне мұқият көңіл бөлмесек болмайды, – деді сенатор.

Ол депутаттық сауалда айтылған проблеманы шешуді көздейтін Үкіметтің тұжырымдамалық ұсыныстарын жан-жақты пысықтауды және жедел әзірлеуді ұсынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары