$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында банк менеджері тұрғындардың атынан несие рәсімдеген

Осылайша,  47 адамды алдап, ақшаны өз пайдасына жұмсаған.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Түркістан облысы Қазығұрт аудандық полиция бөліміне бір топ тұрғын арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, аттарына бейтаныс біреу заңсыз несие рәсімдеген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аталған фактіні полицейлер "Алаяқтық" бабы бойынша тіркеді. Қылмысты тез арада ашып, күдіктіні анықтау мақсатында полицейлерден арнайы топ құрылып, жедел іздеуге кіріскен. 

Тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді. Белгілі болғандай, 31 жастағы күдікті азамат банк қызметкері болып жұмыс істеп жүрген уақытында мәселемен алдына келген клиенттердің құжаттарын пайдаланып, 70 мың теңге мен 1 миллион теңге аралығында несие рәсімдеп отырған. 

Осылайша,  47 адамды алдап, ақшаны өз пайдасына жұмсаған. Келтірілген шығын көлемі 21 миллион теңге. Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары