11.01.2024, 22:30

2024 жылы Рамазан айы қашан басталады

Фото: Pixabay

Ал, үш күн тойланатын Құрбан айт 17 маусымға сәйкес келіп тұр. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2024 жылғы діни күндер мен мерекелер кестесін бекітті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

2024 жылы Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал қасиетті Қадір түні 5-нен 6 сәуірге қараған түнге дәл келіп тұр.

Мұсылман қауым үшін қадірлі оразаның аяқталғанын білдіретін ұлық мейрам Ораза айт 10 сәуірде болады.

Ал, үш күн тойланатын Құрбан айт 17 маусымға сәйкес келіп тұр.