Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қостанайда ер адам діттеген жеріне жетіп алу үшін такси жүргізушісін пышақпен қорқытқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.
Ал суық қарудан аман құтылмайтынын білген жүргізуші жол бойындағы полицейлердің көлігіне әдейі соғылыпты.
Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлердің мәліметінше Рудный қаласының екі тұрғыны облыс орталығына таксимен бара жатқан. Жолаушылардың бірі қалаға кіреберісте такси жүргізушісінің мойнына пышақ тақап, ақша бопсалауға көшкен екен. Осы кезде такси жүргізушісі полицейлердің қызмет көлігін көріп қалып, соған әдейі барып соғылған. Осы сәтте жүргізуші қауіпсіз жерге қашып үлгеріпті. Ал күдіктілер бірден ұсталған. Қазір тергеу басталды.
Екі көліктің соқтығысқанын байқадық. Сол бағытта кетіп бара жатқанымызда ақ көліктің ішінен бір азаматтың қашып бара жатқанын көріп қалдық. Сол көшінің бойында азаматты ұстап алып, жол бойына пышақты лақтырғанын байқадық, деді Қостанай патруль полициясының аға инспекторы Нұрлыбек Байкенжин.