«AirAstana» авиакомпаниясында тексеру жүргізді, нәтижесінде тасымалдаушының өзі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекетке 53 млрд теңгеден астам сомаға активтер қайтарылды. 1 367 қадағалау актісі қаралып, олармен 5 932 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды және әртүрлі жауапкершілікке 1 358 тұлға тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының 2023 жылдың жұмысын қорытындылауға арналған кеңейтілген алқа отырысында айтылды.
Бас көлік прокуроры Сүлейменов Тимур өзінің сөзінде көліктегі заңдылықты қамтамасыз ету бойынша қабылданған кешенді шаралармен жүйелі проблемалық мәселелерді шешу жолдары табылғанын, сондай-ақ кәсіпкерлер мен еңбек ұжымдарының құқықтары қорғалғанын атап өтті.
Прокуратураның мәлімдеуінше, 2022-2023 жылдары қадағалау қызметінде азаматтардың көліктің барлық түрлерінде жүріп-тұруы кезіндегі қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мысалы, прокуратураның талабы бойынша жергілікті атқарушы органдар Алматы, Шымкент, Астана және Түркістанның әуеаймақ маңындағы кездейсоқ қоқыстарды жойды.
Қадағалаушы органның үйлестіруі нәтижесінде, ұшақтардың құстармен соқтығысу жағдайы әуежайларға жақын маңдарда айтарлықтай жақсарды. Мұндай жағдайлардың 60%-ға төмендеуі тіркелді.
Басқа жағдайда, автомобиль жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға арналған жұмыс, медициналық-құтқару көмегін уақтылы көрсету мүмкін болмағандықтан, жолда өлімдердің жоғары деңгейіне теріс үлесқосқан ұйымдық салалық проблемаларды шешуге мүмкіндік берді.
Төтенше жағдайлар министрлігі алғаш реттрассалық медициналық-құтқару пункттерін қайта орналастыру және орындарын айқындау әдістемесін қабылдады.
Көлік министрлігі ықтимал қауіпті жол учаскелерін анықтау және есепке алу бойынша стандарттарды жетілдірді. Бұл жұмысқа енді жергілікті әкімдіктер де тартылатын болады.
Еліміздің автомагистральдарындағы ұялы байланыстың «соқыр аймақтарының» проблемаларын жоюы «Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасы шеңберінде жоспарлануда.
Электрондық кезектің енгізілуіне байланысты, Қытаймен шекарасында тауарлармен жүк көліктерінің жиналуы байқалды. Шекаралық дүрбелең кәсіпкерлердің үнемі негізделген шағымдарын тудырды.
Прокуратураның үйлестіру шараларымен кедендік бекеттерде («Нұр-Жолы» бекеті, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы) жүктердің өткізу қабілетін 4 есеге арттырып, тауарларды жеткізу мерзімін 2 айдан 10 күнге дейін қысқартты.
Бизнесті қорғау бойынша жұмыс шеңберінде халықаралық тасымалдарға рұқсат алу рәсімі оңтайландырылды. Құжаттар пакетін үштен біріне қысқартуға және алты мың тасымалдаушыға қойылатын талаптарды едәуір жеңілдетуге мүмкіндік беретін түзетулер әзірленді.
Прокуратураның талабы бойынша «Самұрық-Қазына» сатып алуды өткізу тәртібінен кәсіпкерлік туралы заңнаманың нормаларына қайшы келетін және өз кезегінде жекелеген бизнес субъектілерінің құқықтарына қысым жасауға әкеп соқтырған ережелер алынып тасталды.
Көлік прокуратурасы үшін авиакомпания мен теміржол көлігіндегі жол жүру құжаттарына баға белгілеудің тәртібі мен негізділігі де өзекті мәселе болып қала бермек.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі прокуратураның ұсынысы негізінде «AirAstana» авиакомпаниясында тексеру жүргізді, нәтижесінде билеттер құнынан жанармай алымы шығарылып тасталды. Тасымалдаушының өзі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осыған ұқсас прокуратураның наразылығы бойынша уәкілетті орган әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша поездарға теміржол билеттерін өткізу кезінде динамикалық баға белгілеу коэффициентін заңсыз қолдануды тоқтатты.
«Метрополитен» КМК, «Алматыметроқұрылыс» АҚ лауазымды тұлғаларына және басқа да тұлғаларға қатысты 5 млрд теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру және Алматы қаласының метрополитенін салу кезінде жалған шот-фактуралар жазып беру деректері бойынша тергеу аяқталды. Қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды.
Сондай-ақ, алқа отырысында көлік прокуратурасының 2023 жылғы қадағалау жұмысы қоғамды ақпараттандыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді түрде жарияланғаны атап өтілді.
Талқылау соңында Бас көлік прокурорымен алдағы жылға арналған басым міндеттер айқындалды.