$ 494.87  520.65  4.91

Германияға жұмыс істеуге кеткен әйел жанайқайын айтты

Әйел Германияда ешқандай азаматтығы болмағандықтан қара жұмыс істеуге мәжбүр екенін жеткізді. 

Фото: Bugin.kz
Фото: Bugin.kz

Германияға жұмыс істеуге кеткен әйел мұңын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Bugin.kz   порталына сілтеме жасап. 

Әйел видеода екі дипломы бола тұра неге шетелде жұмыс істеп жатқанын түсіндіреді. Әрі үш баласы Қазақстанда қалып кеткен соң, ұйқысы тыныш емес екенін жеткізген.

Мен қыдырып жүрген жоқпын. Мен адал еңбекпен нан тауып жатырмын. Кейде қынжыламын, осы жұмысты елде де істеп жүре берсе болады ғой деймін. Неге елімізде лайықты қаражат төленбейді? Бұл жақта адал еңбегімнің ақысын лайықты түрде аламын. Ал Қазақстанда жұмыс істеп, мен көптеген әділетсіздіктерге ұшырадым,- дейді келіншек.

Әйел Германияда ешқандай азаматтығы болмағандықтан қара жұмыс істеуге мәжбүр екенін жеткізді. 

Өз елімізде болсақ, басқа да жұмысты, таза жұмыс істеуге болады. Бірақ төленетін қаражат мардымсыз",- дейді әйел. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары