$ 444.14  477.05  4.85

Димаш Құдайбергеннің анасы құтқарушыларға алғыс айтты

Біз көп жағдайда, жылы үйімізде отырып , далада қалғандар мен соларды құтқару жолында еңбек етіп жүрген , талайларды тілсіз жаудан арашалап қалған бейбіт күннің батырларын ескермей қаламыз.

Фото: @sveta_aitbaeva73
Фото: @sveta_aitbaeva73

Әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева жоғалған музыканттарды тапқан құтқарушыларға алғыс айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. 

Оның айтуынша, аязды күні машинамен жолға шыққан үш жігіт далада қалған.

Қаңтардың 10- ы күні таңертең Атыраудан ауылда тұратын ата - анасына кеткен Ринатты таба алмай қалдық . Мына аязда машинамен шығып кеткен 3 жігіттің далада қалғаны анық болды. Үйіне де жетпеген , телефондары өшкен...
Ринат - жақсы музыкант , аранжировщик , қасындағы жігіттер де өнерлі жандар, той- жиынның сәні болып жүрген жастар. Сонымен дабыл қағылып , іздестіру -құтқару жұмыстары басталып кетті.

Сонымен қатар ол жылы үйде отырғандар көбіне құтқарушылардың жұмысын бағаламайтынын айтты.

Біз көп жағдайда, жылы үйімізде отырып , далада қалғандар мен соларды құтқару жолында еңбек етіп жүрген , талайларды тілсіз жаудан арашалап қалған бейбіт күннің батырларын ескермей қаламыз. Екі тәулікке жуық күн - түн демей еңбек еткен Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінің арқасында жігіттеріміз таңғы 4-20 да Қызылқоға ауданының «Ораз мола» орнынан (Атырау облысы Мақат ауданының Доссор кентінен 120 км қашықтықта) аман – есен табылды.
​Кейін білгеніміздей төтенше жағдайлар министрлігінің жіті назарында болған құтқару жұмыстары жаяу, автокөлікпен және ТЖМ авиациясымен аэровизуалды іздеу тәсілдерімен жүргізіліпті. Бұл үшін ТЖД құтқарушылары мен «Қазавиақұтқару» АҚ экипажы тартылыпты.

​Адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстары түнде де тоқтамай, құтқарушылардан, полиция қызметкерлерінен, еріктілерден және туыстарынан құралған 45 адам, 11 техника облыстың елді мекендерін, қыстақтарын және автожолдарын қарап шыққан.

Қандай еңбек десеңізші! Бұл бір ғана мысал.Ал біз білмейтін қанша жағдай болып жатыр! Соның бәрінде жүрген бейбіт күннің батырларына мың алғыс дейміз!

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департам­енті Өрт сөндіру және ав­ариялық-құтқару қызм­етінің №3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қо­рғау аға лейтенанты Клауов Ернұр Болатұлына,
аға өрт сөндіру­шісі азаматтық қорғау сержанты Базарбай Ерқанат Базарбайұлына,
№2 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қо­рғау майоры Мұқанғал­иев Мейрамбек Сайлау­ұлына,
№10 өрт сөндіру бөлімінің бастығының міндетін уақытша атқарушысы азаматтық қорғау аға лейтенанты Хуресов Райымбек Эдуардұлына, өрт сөнді­рушілер азаматтық қо­рғау кіші сержанттар Қанат Наурызбек Қан­атұлына, Әбілмажан Бат­ырлан Нұржанұлына рахмет айтамыз.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары