Бүгінгі күнге дейін спортшылар Паралимпиада ойындарының 5 лицензиясына ие болған.
Қазақстандық пара таеквондошылар Паралимпиада ойындарының 3 лицензиясына ие болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Паралимпиада ойындарының квалификациялық регламентіне сәйкес К44 санатында 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде пара таеквондошымыз Нұрлан Домбаев, +80 кг салмақта Нышан Өмірәлі және -57 кг салмақта Кәмиля Досмалова биыл Парижде өтетін Паралимпиада ойындарына жолдамаға қол жеткізді.
Спортшыларымыз әлемдегі рейтингтің көрсеткішіне сәйкес, топ 20 үздік спортшылар қатарына кірді.
Бүгінгі күнге дейін қазақстандық пара спортшылар Париж-2024 Паралимпиада ойындарына 5 лицензияға ие болған: пара жеңіл атлетика, пара пауэрлифтинг, волейболды отырып ойнау, пара каноэ және пара жүзу.
Еске сала кетсек, Токио-2020 Паралимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы 25 спортшымен таныстырылып, 5 медаль (1 алтын, 3 күміс және 1 қола) жеңіп алып, 48 жалпы командалық орынға ие болды.