$ 494.87  520.65  4.91

Астанада күніне 75-80 бала қызылша жұқтыруда

Қызылша жұқпалы және оның таралуы жоғары (100%).

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Елордада күн сайын 75-80 бала қызылша инфекциясын жұқтырып ауруханаға түсуде. Оның дені — балалар. Бұл туралы қалалық №3 көпбейінді балалар ауруханасы директорының орынбасары Роза Өтегенова мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Біздің ауруханаға қызылша инфекциясымен күніне 75-80-ге жуық бала түсіп жатыр. Оның 30-35%-ы стационарлық, қалғаны амбулаториялық ем алып жатыр. Қызылша жұқтырғандардың көбісі 7 жасқа дейінгі балалар. 10-15% ғана 7 жастан асқандар және 17% 1 жасқа толмаған сәбилер, - деді Роза Өтегенова Астана қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 

Сондай-ақ, маман қызылшаны жұқтырудың бірнеше себебін атады. 

Мысалы, балабақшадан жұктырып келуі мүмкін, сосын оны үйдегі балаларға жұқтыру қаупі бар. Қызылша жұқпалы және оның таралуы жоғары (100%). Сондықтан уақытылы екпе алған абзал, - дейді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары