$ 439.43  473.31  4.82

FIFA Қазақстанның 7 футбол клубына жаза қолданады

Тіпті Үндістан, Иран және Ирактан жоғары тұр.

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағының (FIFA) тәртіптік кеңесі Қазақстанның 7 командасын жазаламақ. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Тәртіптік кеңес командалардың ойыншы сатып алу трансферіне шектеу қоймақ. Себебі ұйымға командаларға қарсы арыз-шағым түскен. 

Футболдың басты ұйымы жаңа ойыншыларды қатарына қоса алмайтын клубтардың тізімін жариялады. Бұл тізімде Қазақстан көшбасшылардың қатарында. Тіпті Үндістан, Иран және Ирактан жоғары тұр, - деп жазды журналист. 

Қазақстандық клубтарға түскен арыз-шағымдар тізімі: 

"Қайсар" - 1

"Оқжетпес" - 1

"Ақсу" - 2

"Тараз" - 4

"Шахтер" - 5

"Каспий" - 7

"Тұран" - 8.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары