Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Еліміздің 4 облысына республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ақтөбе облысында – 1 учаске:
«Ақтөбе-Атырау-Астрахань» 97-330 км, Қандыағаш қ.- Атырау обл.шек. – 233 км.Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.
Жамбыл облысында – 1 учаске:
«Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен а.- Қайнар а.– 79 км.Жүк көліктері үшін шектеу енгізілді.
Батыс-Қазақстан облысында – 1 учаске:
«Орал-Тасқала- РФ шек.» 4-104 км, уч. Орал қ.-РФ. шек. – 100 км. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.Қостанай облысында – 1 учаске:
«Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» 386-503 км, Денисовка а.- Рудный қ.– 117 км.Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады.
Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 454 бірлік техника және 586 жолшы жұмылдырылды.