$ 441.58  480  4.86

Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталды

Ұлттық қорғаныс университеті ескерткіш шынымен алып тасталғанын растады.

Фото: nuo.kz
Фото: nuo.kz

Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алып тасталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінің аумағынан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылы 80 жылдығына орай салтанатты түрде ашылған ескерткіші алып тасталды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды.

Фото: t.me/secretwithsecret

Ұлттық қорғаныс университеті ескерткіш шынымен алып тасталғанын растады және ол қазір қоймада. Редакция журналисі ескерткіш алынып тасталғанына көз жеткізу үшін университет аумағына барған болатын. Алайда журналиске кіруге рұқсат берілмеген. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі ескерткішке қатысты ақпаратты алдағы уақытта беруге уәде етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 28
Ұнамайды 0
Күлкілі 5
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары