$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандықтардың нөмірлері бар база сатылғаны рас па? Министрлік түсініктеме берді

 

Күрделі құпия сөздерді пайдаланыңыз және әртүрлі тіркеулік жазбаларда бірдей құпия сөзді пайлаланбаңыз.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қазақстандық нөмірлердің деректер базасын онлайн сату туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін БАҚ желіде қазақстандықтардың телефон нөмірлері жазылған деректер базасы пайда болғанын хабарлаған болатын. Байланыстардың санына қарай оларды екі мың теңгеден және одан жоғары бағаға сатып алуға болады. Базаны қала немесе аймақ бойынша ғана емес, сонымен қатар қалаған аудитория бойынша таңдауға болады: белгілі бір жастағы ерлер немесе әйелдер.

Бүгінгі күнге дейін Цифрлық даму министрлігіне азаматтардан олардың абоненттік телефон нөмірлерін интернетте заңсыз таратуға қатысты шағымдар түскен жоқ, – делінген хабарламада.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 79-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік және ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген. Бұл жауапкершілік абоненттік құрылғы нөмірлерінің дерекқорын заңсыз таратуға және сатуға қатысы бар тұлғаларға да қатысты.

Бұл ретте жеке деректерді заңсыз жинау және өңдеу бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жәбірленушінің өтініші бойынша ғана қозғалады. Осылайша, деректері таратылған субъектілерден сұраулар түскен жағдайда, ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитеті әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарауға дайын, – делінген министрліктің мәлімдемесінде.

Меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлғалар дербес деректерді қорғау бойынша қажетті шараларды қабылдауға міндетті.

Сонымен қатар, ведомство цифрлық гигиена туралы айтты, Бұл желіде қауіпсіз болуға көмектесетін ережелер мен нұсқаулар жиынтығы. Деректеріңізді қорғауға көмектесетін бірнеше қарапайым кеңестер:

Күрделі құпия сөздерді пайдаланыңыз және әртүрлі тіркеулік жазбаларда бірдей құпия сөзді пайлаланбаңыз. Бұл сіздің жеке ақпаратыңызға рұқсатсыз кіруді болдырмауға көмектеседі.

Құрылғыдағы бағдарламалық құралды жаңартып отырыңыз, өйткені жаңа нұсқаларда қауіпсіздік түзетулері жиі болады. Бұл сізді ықтимал хакерлік шабуылдардан қорғайды.

Күдікті хабарларға жауап бермеңіз немесе белгісіз жіберушілердің сілтемелерін ашпаңыз. Бұл сіздің құрылғыңызға зиянды бағдарламаның орнатылуына әкелуі мүмкін.

Вирустардан және басқа қауіптерден қорғау үшін антивирустық бағдарламалық құралды пайдаланыңыз. Бұл құрылғыңызды зиянды бағдарламалардан қорғауға көмектеседі.

Жеке ақпаратыңызды бейтаныс сайттар мен қолданбаларда енгізбеңіз. Жеке ақпаратыңызды енгізбес бұрын сайттар мен қолданбалардың беделін тексеріңіз.

Тіркеулік жазбаларды қорғау үшін екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыз. Бұл сіздің тіркеулік жазбаларыңызға рұқсатсыз кіруді болдырмауға көмектеседі.

Әлеуметтік желілердегі және басқа да онлайн қызметтердегі құпиялылық параметрлерін тексеріңіз. Бұл сіздің жеке ақпаратыңыз оны берген адамдар үшін ғана қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары