$ 444.14  477.05  4.85

Астанада құрылыс компаниялары халыққа жоқ пәтерлерді сатқан

«Мирный дом» тұрғын үй кешенінің құрылысы да 2011 жылы басталған. 

Фото: Астана қаласының әкімдігі
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендерін аралады. Қала басшысы «Садовые кварталы», «Триумф Сити», «Территория комфорта-1» мен «Ақерке 2» тұрғын үй кешендерінің екінші кезеңімен, «Мирный дом», «Коргалжынский квартал», «Алтын бұлақ», «Зере 2» секілді ұзаққа созылған үйдердің құрылысымен танысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл тұрғын үйлердің құрылысы 2011 жылдан бері салынбай келеді. Бір сөзбен айтқанда, сақалды құрылысқа айналған. Соның кесірінен жүздеген адам жылдар бойы баспанасын күтіп жүр. Мәселен, «Садовые кварталы» тұрғын үй кешенінің құрылысы 2011 жылы басталған. ЕҚК-ге өткізу кезінде нысанның тек қадалары мен қазаншұңқыры ғана болған.

«Мирный дом» тұрғын үй кешенінің құрылысы да 2011 жылы басталған. Үлескерлерге тұрғын үй кешенінде жоспарланған көп пәтер сатылған. Яғни, құрылыс компаниясы халыққа жоқ пәтерді сатып жіберген.

«Алтын бұлақ» тұрғын үй кешенінің құрылысы 2013 жылы басталған. ЕҚК-ге тапсырылғанға дейін үйдің тек 20 пайызы ғана салынған. Бұл тұрғын үй кешенінде 5 блок бар. Өткен күзде 3 блоктың тұрғындары баспаналы болды.

«Территория комфорта» тұрғын үй кешенінің құрылысы 20 жыл бұрын салына бастаған. Техникалық зерттеу нәтижесінде нысанның апатты жағдайда екені анықталды. Осылайша, апатты тұрғын үй кешенінің блоктарын толықтай бұзу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. 2021 жылы бірінші кезектің құрылысы аяқталды. Содан кейін 100-ден астам үлескер отбасы пәтер кілтін алды.

Қала әкімінің айтуынша, әрбір үй бойынша жүйелі жұмыс істеледі. Осыған дейін мемлекет қолдауының арқасында ұзаққа созылған 140-тан астам тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталған. Нәтижесінде 15,5 мыңға жуық үлескер отбасының проблемасы шешілді.

Биылға 10 үй қалды. Олардың құрылысын осы жылдың 1-2 тоқсанында аяқтаймыз. Осылайша, қалған 500-ге жуық үлескер отбасы пәтер кілтін алады, – деді Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ ол құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы мемлекет басшысының бақылауында екенін де атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары