13.01.2024, 17:30

«Ақтөбенің» жаңа директоры белгілі болды

Фото: prosports.kz

Доронченко Ресейде «Кубань» мен «Анжи» сияқты клубтардың спорт директоры болып жұмыс істеген.

57 жастағы ресейлік маман Сергей Доронченко «Ақтөбе» футбол клубының спорттық директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап.  

Доронченко Ресейде «Кубань» мен «Анжи» сияқты клубтардың спорт директоры болып жұмыс істеген.

Сондай-ақ маман РПЛ-ға Джибриль Сиссе, Маркос Пиззелли және Ивелин Попов сияқты танымал футболшылардың келуіне себепші болған.