Алдағы күндері оның саны тағы артуы мүмкін. Өйткені Индонезиядағы Азия чемпионаты 18 қаңтарға дейін жалғасады.
Қоржынымыздағы лицензиялар саны көбейді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Индонезия астанасы Джакартада нысана көздеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде Париж Олимпиадасының жолдамалары да сарапқа салынады.
Міне, осы жарыстың кезекті күні винтовкамен 50 метрден ату бойынша командалық сындар өтті. Қыздар арасындағы жарыста ел намысын Александра Ле, Елизавета Безрукова және Арина Алтухова үштігі қорғап, нәтижесінде күміс жүлде жеңіп алды. Кейін Александра Ле жекелей жарыста да бағын сынап, жақсы нәтиже тіркеді. Соның арқасында алдағы жазғы ойындардың лицензиясын иемденді. Бұған қоса ерлер арасында Никита Чирюкин де осындай жетістікке жетті. Ол тапаншамен 25 метрден нысана көздеу бәсекесіне қатысқан.
Жерлесіміз бірінші орынмен финалға шықты. Ақтық сында да ең үздік көрсеткішке қол жеткізіп, Азия чемпионы атанды. Еске сала кетейік, сұрмергендіріміз бұған дейін 3 жолдама жеңіп алған еді. Қазір енді бесеуге жетті. Алдағы күндері оның саны тағы артуы мүмкін. Өйткені Индонезиядағы Азия чемпионаты 18 қаңтарға дейін жалғасады