14.01.2024, 14:30

Астана әуежайында 11 рейс кешіктірілді

Фото: www.nn-airport.kz

Желдің жылдамдығы - 12м/с.

 

 

Астана әуежайында 11 рейс кешіктіріліп, тағы үш рейс тоқтатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астана әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 қаңтарда 11 рейс кешіктіріліп, Астанадан Алматыға, Жезқазған және Түркістанға ұшатын үш рейс әуекомпанияның шешімімен тоқтатылды.

Кешіктірілген және тоқтатылған рейстер метео жағдайға байланысты емес, – делінген хабарламада.

Астана әуежайында ауа райы қазір ұшуға және қонуға қолайлы.

Әуеайлақтағы ауа температурасы - 18 градус суық. Желдің жылдамдығы - 12м/с.