Кездесу Монреаль қаласында өткен бокс кешіндегі кардтың басты оқиғасы болды.
Ресейлік боксшы Артур Бетербиев британиялық спортшы Каллум Смитті жеңіп, орта ауыр салмақ дәрежесіндегі үш чемпиондық белбеуді қорғады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.
Кездесу Монреаль қаласында өткен бокс кешіндегі кардтың басты оқиғасы болды. Алғашқы минуттардан бастап екі қарсылас та белсенді әрекет ете бастады. Бірақ Бетербиевтің басымдығы айқын байқалды.
Канада туымен рингке шыққан ресейлік сәтті соққылар жасап, жетінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Кейін британиялық боксшының командасы жекпе-жекті тоқтатуға шешім қабылдады.
Артур орта ауыр салмақ дәрежесіндегі WBC, WBO және IBF тұжырымы бойынша чемпиондық белбеулерін қорғап шықты. 38 жасар боксшы кәсіби мансабындағы барлық 20 жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтады.