$ 439.43  473.31  4.82

Тойханаға түйе кіргізгендер жұртты шошытты

Кадрдан белгісіз ер адам түйені баспалдақтан жетектеп түсіп келе жатқанын байқауға болады.

Әлеуметтік желіде тойханаға түйе кіргізгендердің әрекеті қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Кадрдан белгісіз ер адам түйені баспалдақтан жетектеп түсіп келе жатқанын байқауға болады. 

Жарықтық, не көрмедік тойда, ат, көлік, міне түйе, енді піл, сонымен тренд аяқталар, – делінген видеожазбада.

Желі қолданушылары түйе кіргізген той иелерін әбден сынады. 

«Айыппұл салып, басқаларына сабақ болуы керек», «Мақтаншақ адамның әрекеті», «Қазір ештеңеге таңғалмайтын болдық», «Дарақылыққа жол болсын», «Малды қорлады-ау», деген негатив пікірлердің қарасы көп. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары