$ 443.44  480.51  4.88

Ақтөбеде жол апатынан бір отбасы мүшелері қайтыс болды

Олар бір отбасының мүшелері – анасы, әкесі, ұлы.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ақтөбе облысы аумағындағы Ақтөбе-Астрахань автожолының жол апаты болып, үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қайғылы оқиға тасжолдың 205 шақырымында 13 қаңтарда болған. Сол мезетте төрт көлік соғылып, соңы орны толмас қайғыға әкеліп соқты. 

Төрт көліктің соқтығысуынан «Mitsubishi» автокөлігінің жүргізушісі және екі жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Олар бір отбасының мүшелері – анасы, әкесі, ұлы, - деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары