Қазір Нұралы Әліп «Зениттің» сапында БАӘ-ге оқу-жаттығу жиындарына кетті.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп көз дәрігері мен жанкүйерлерді күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Санкт-Петербургте «Зенит» клубының базасында медициналық тексеруден өткен қазақ футболшысы көз дәрігерінің қабылдауында болған.
Окулист Нұралыдан көзін қаттырақ ашуды сұраған. Сол сәтте ол «Бары осы» деп қысқа қайырыпты. Sports.ru сайты болса мұны ең сәтті айтылған жауап деп бағалап отыр.
Айта кетейік, қазір Нұралы Әліп «Зениттің» сапында БАӘ-ге оқу-жаттығу жиындарына кетті.