$ 494.87  520.65  4.91

Атырау облысында бес түйе пойыздың астында қалды

Соқтығыстың алдын алу мүмкін болмады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Теміржол маңында мал жайғандары үшін үй жануарларының иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері қараусыз қалған үй жануарларының теміржолдарға шығуын болдырмау мақсатында алдын алу жұмыстарын жиі жүргізілуде. Осыған қарамастан, департаментте әрбір кезекші тәулік ішінде теміржол төсемінде малдың болуына байланысты пойыздардың шұғыл тежелу фактілері тіркеліп жатыр.

13 қаңтар күні Атырау облысының Құлсары стансасында Волгоград – Ташкент бағытындағы жолаушылар пойызының машинисі теміржол бойында түйе болуына байланысты шұғыл тежеуді қолданған. Соқтығыстың алдын алу мүмкін болмады. Нәтижесінде бес түйе соқтығысты.

Жануарлардың иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Шұғыл тежеуді қолдану және жануарларды соғу пойыздардың ұзақ уақыт тоқтап қалуына, локомотивтердің зақымдалуына және өнімсіз шығындарға әкеледі. Осыған байланысты, көлік полицейлері үй жануарларының иелеріне қауіпсіздік шараларын еске салып, малды теміржол маңына жайған кезде мұқият болуды ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары