$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыны соққыға жықты деп айыпталды

Формамызды алып кетпесек, қолымызды қайырып, қорқытады. Қазір мектепке баруға қорқамын.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алматы қаласында білім алатын 6-сынып оқушысын дене шынықтыру сабағында мұғалімі ұрып-соққан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оқушы өзінің әлеуметтік желісінде ұрып-соғудан кейін оның қабырғалары мен іші қатты ауырғанын айтады.

Ол мені қабырғамнан ұрды. Міне, төртінші күн болды. Әлі барлық қабырғам, ішім ауырып жатыр. Ол мені ұрған кезде, әлде біреуге айтатын болсаң, "шапалақ" беремін деді. Бұдан бөлек, ол сыныптастарыма қиянат көрсетеді. Формамызды алып кетпесек, қолымызды қайырып, қорқытады. Қазір мектепке баруға қорқамын. Бара қалған жағдайда маған зияны тиіп кете ме деп ойлаймын, – деп айтты оқушы.

Астана телеарнасында полицейлер тексеру басталғаны туралы мәлімдеді.

Алматы қаласының полиция департаменті бұл факт бойынша Алатау ауданының ПБ тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлайды. ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады, – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте оқушы дене шынықтыру сабағында қайтыс болғаны хабарланған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары