$ 443.44  480.51  4.88

«Діни өмір салтын көрсеткені үшін блогерлерге 9 млн теңгеге дейін ұсынылды» - Абылайхан Қамаладин

Ай сайын төлеп тұрады екен.

Qamaladin Media медиа агенттігінің негізін қалаушы Абылайхан Қамаладин Арман Абдоллаға берген сұхбатында кейбір блогерлерге діни өмір салтын көрсету үшін ақша ұсынылғанын айтады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол сұхбат барысында айтқан ақшаны теңгеге шақсақ, шамамен 4-9 миллион теңге көлемінде болады, деп жазады Massaget.kz.

Бір блогерлер келіп, "ай сайын діни өмір салтын көрсетіп, осылайша исламды шынымен қабылдауды ұсынып жатыр" деді. "Өзің не қалайсың?" дедім. "Шынында да, дінді қабылдағың келе ме?" деймін. Ол "жоқ" дейді. "Ақша алғың келе ме?" деймін. "Неге алмасқа, жақсы ақша" дейді. "Қанша?" дедім. Жақсы баға айтты. Ай сайын төлеп тұрады екен. 10-20 мың доллар көлемінде. Мен "өзің бұдан рахат алмайсың" дедім. "Бірақ шын жүрекпен істегің келсе, онда да жауап бересің. Өйткені неге мұны ақша үшін істеп жатсың?" дедім. Нәтижесінде ол бас тартты. Осындай сәттер болды, - дейді ол.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары