$ 439.43  473.31  4.82

Australian Open: Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирін жеңіспен бастады

Елена Рыбакина екінші айналымда әлемнің 57-ракеткасы, ресейлік Анна Блинковамен шеберлік байқасады.

Фото: ktf.kz
Фото: ktf.kz

Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кезінде әлемдік рейтингіде көш бастаған, қазір рейтингіде 38-орында тұрған чехиялық, 31 жастағы тәжірибелі Каролина Плишкова оңай шағылар жаңғақ емес-ті.

Бірінші партияда Каролина брейк жасап, 2:0 есебімен алға кеткенімен, Елена таразы басын теңестіре алды.

Тай-брейкте де чехиялық спортшы 6:3 есебімен алға шығып, төрт бірдей сетболын пайдалана алмады. Рыбакина қатарынан бес допты өзіне жазды — 7:6 (8:6).

Екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте қазақстандық теннисші брейкпен алға кетті — 2:1. Ақыры матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ — 6:4.

Елена Рыбакина екінші айналымда әлемнің 57-ракеткасы, ресейлік Анна Блинковамен шеберлік байқасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары