$ 494.87  520.65  4.91

Қызылордада 25 пәтерді тонаған ұры ұсталды

Ұсталған 26 жастағы Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Қызылорда облысы криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні кезекті пәтер ұрлығын жасау кезінде ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Үй иелерінің жоқтығын пайдаланған ер адам терезелерді күштеп ашу арқылы жеке үйлерге заңсыз кіріп, әшекей бұйымдарын алып кеткен. Ұсталған 26 жастағы Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.

Айғақты зат ретінде жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар мен басқа да заттай айғақтар алынды. Тергеу барысында, күдіктінің облыс аумағында 25 пәтер ұрлығын жасап, сол арқылы жәбірленушілерге жалпы сомасы 19 миллион теңге материалдық шығын келтіргені анықталды. Полицейлер ұрының осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде. Тергеу жалғасып жатыр. Күдікті қамауға алынды, - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары