$ 441.58  480  4.86

Салтанат Нүкенованың өлімі: Бишімбаевқа тағы бір айыптау бабы қосылды

Қазір қылмыстық іс процесі қатысушылары материалдармен таныса бастады, содан кейін іс прокуратураға жіберіледі.

Фото: vlast.kz
Фото: vlast.kz

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру екі бап бойынша жүргізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Vlast.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Астана қаласының полиция департаменті бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігі (Қинау) мен 99-бабының 2-бөлігі (Аса қатыгездікпен адам өлтіру) бойынша жүргізіп, аяқтады.

Сондай-ақ "Гастро-орталық" директоры болған Бишімбаевтың інісіне қатысты тергеу Қылмыстық кодекстің 432-бабы (Қылмысты жасырып қалу) және 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) бойынша жүргізілді. Бұған дейін інісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 119-бабы (Қауіпті жағдайда қалдыру) бойынша да тергеу жүріп жатқаны хабарланған. 

Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, қазір қылмыстық іс процесі қатысушылары материалдармен таныса бастады, содан кейін іс прокуратураға жіберіледі. Басқа ақпаратты жариялауға рұқсат етілмейді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары