$ 494.87  520.65  4.91

Тоғыз адам күдікті: Костенко шахтасындағы жарылысты тергеу ісі соңына жетті

Өткен айда осы іс бойынша 7 адам тергеліп жатқаны хабарланған еді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Костенко шахтасындағы жарылысты тергеу ісі аяқталды. Күдікті ретінде 9 адам тергеліп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бас прокуратура бүгін сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің былтырғы жұмысын қорытындылады. Құзырлы органның хабарлауынша, 2007 жылдан бастап прокуратура органдарында арнайы прокурорлар институты жұмыс істейді. Арнайы прокурорларға резонансты және аса күрделі істерді тергеу тапсырылады.

Резонансты істердің ішінде құзырлы орган Костенко шахтасындағы апатты атап өтеді. Салдарынан 46 кенші қаза тапқан жарылыстар бойынша істерді тергеу аяқталуға жақын қалған. Шахтаның 9 лауазымды адамы күдікті ретінде танылып, қамауға алынған.

Өткен айда осы іс бойынша 7 адам тергеліп жатқаны хабарланған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары