$ 494.87  520.65  4.91

Талдықорғандық ана баласын тәртіпке салу үшін суық сарайға қамап тастаған

Қамқоршылық органдары Жетісу өңірі бойынша өкілдіктің бастамасымен сотқа әйелді ата-аналық құқығынан айыру туралы талап-арызбен жүгінді.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Бұл туралы зорлық-зомбылыққа ұшыраған баланың құқығын қорғауға көмектескен Жетісу облысы бойынша Омбудсмен өкілі айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Артём Лебедев әлі он жасқа да толмаған, соған қарамастан, ол өз анасының бірнеше рет физикалық зорлық-зомбылығына ұшыраған.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жетісу облысы бойынша өкілдігі бастамасымен комиссия құрылып, оның құрамына Талдықорған қаласының білім және денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, облыстық балалар омбудсмені, әлеуметтік сала өкілдері кірді.

Комиссия мүшелері Лебедевтер отбасы тұратын үйге барып, тұрмыс жағдайын зерттеді. Анасы мен екі баласы антисанитарлық жағдайда өмір сүрген, ал әйел алкогольдік ішімдікті жиі ішкенін және балаларды қорлағанын жоққа шығармады. Светалана Лебедева 9 жасар ұлы Артемді аязды күні сарайға қамап қойған.

Қамқоршылық органдары Жетісу өңірі бойынша өкілдіктің бастамасымен сотқа әйелді ата-аналық құқығынан айыру туралы талап-арызбен жүгінді.

Қазіргі уақытта іс қаралып жатыр, үлкен баласын өз анасынан қорғау мақсатында Талдықорған қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша орналастырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары