$ 494.87  520.65  4.91

«Барыстың» жас хоккейшісі әр ойынға жайнамазын құшақтап келеді

Десе де, команданың ойын нәтижелері көңіл көншітпейді.

Фото: Барыс ХК, «Головой Об Лёд/Хоккей Казахстана»
Фото: Барыс ХК, «Головой Об Лёд/Хоккей Казахстана»

«Барыс» хоккей клубының 19 жастағы ойыншысы Руслан Оспанов команданың әр ойынына келгенде қолынан жайнамазын тастамайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Жазба авторы жас ойыншының дін ұстанып, тура жолда жүруі құрмет көрсетуге лайық деп жазады, 

«Нағыз мұсылман адам өзге де әлемдік дін өкілдері секілді бейбітшілік пен жақсылықтың жаршысы бола білуі керек. Тәкәппарлық пен менмендікті ысырып тастау үшін жас спортшыға тым болмағанда діни атрибутты өзімен бірге алып жүру жеткілікті сияқты», - деп жазылған аталған «Головой Об Лёд/Хоккей Казахстана» телеграм-каналының хабарламасында.

Ал, «Барыс» хоккей клубының дәл қазіргі жағдайы аса мәз емес. Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын Астаналық команда қазір Шығыс дивизионында соңғы орындардың бірінде тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары