17.01.2024, 12:40

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің бөлім меңгерушісін тағайындады

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Бекжігітов бөлім меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Марат Аймашев Қауіпсіздік кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Мақсұтұлы Аймашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды,  – делінген Ақорданың хабарламасында.

Айта кетейік, Марат Аймашев бұған дейін бірқатар лауазымды қызмет атқарған. Оның ішінде ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары – Жедел жоспарлау департаментінің бастығы болған.

2022 жылдың 25 мамырдан бастап бұл қызметті Русланбек Бекжігітов атқарған.  2024 жылдың 15 қаңтарында Бекжігітов бөлім меңгерушісі лауазымынан босатылды.