Бұл бап бойынша, төрт жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.
17 қаңтарда Мәжіліс кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха журналистерге экс-министр Бишімбаевқа тағы бір бап – «Қинау» бойынша айып тағылғанын растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық істің жаңа мәліметтері белгілі болды: құқық қорғау органдары экс-министрге «Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру» бабы бойынша ғана емес, ҚР ҚК-ның 110-бабы 2-бөлігі «Қинау» бойынша айып тағып отыр.
«Қинау» – Қылмыстық кодекс тілімен айтқанда
Қылмыстық кодекске сәйкес, Бишімбаев мына тармақтардың бірі бойынша күдікке ілінген:
1-тармақ: көрiнеу кәмелетке толмаған адамға немесе кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамға, сол сияқты ұрланған не кепiл ретiнде қолға түсiрілген адамға қатысты; 2-тармақ: екi немесе одан да көп адамға қатысты; 3-тармақ: кiнәлi адамға жүктiлiк жағдайда екенi көрінеу белгiлi әйелге қатысты; 4-тармақ: алып тасталған; 5-тармақ: жалдау бойынша; 6-тармақ: әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық уәжі бойынша жасалған дәл сол іс-әрекет.Бұл бап бойынша, төрт жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.
Айта кетейік, кеше экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі («Қинау») бойынша айып тағылғаны белгілі болды. Бишімбаевқа қатысты іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі 5-тармағы («Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру») бойынша қаралған болатын.