$ 443.44  480.51  4.88

Жоғалып кеткен талдықорғандық оқушы Алматыда табылды

Тәртіп сақшылары қыздың жүрген жерін анықтады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Жетісу облыстық полиция департаменті бір апта бұрын жоғалып кеткен 17 жастағы талдықорғандық қыздың Алматыдан табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

Полицейлердің хабарлауынша, жедел-іздестіру шаралары барысында Жетісу өңірінің тәртіп сақшылары Қаратал ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен кәмелетке толмаған қыздың жүрген жерін анықтады.

"10 қаңтардан бері туыстары мен полицейлер іздеп жүрген жасөспірім Алматыдан табылды. Кәмелетке толмаған бала үйіне жеткізіліп, ата-анасына тапсырылды", - делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, 10 қаңтарда Талдықорғаннан Алматыға кеткен бойжеткен байланысқа шықпай, жоғалып кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары