$ 443.44  480.51  4.88

«Бешикташ» Бактиер Зайнутдиновты үздіктер қатарына қосты

Соңғы матч Зайнутдиновтың Түркия кубогындағы дебюті болды.

Фото: Prosports.kz
Фото: Prosports.kz

Түркиялық «Бешикташ» Қазақстан құрамасының ойыншысы Бактиер Зайнутдиновты матчтың үздік ойыншысы ретінде ұсынды, деп хабарлайды  Skifnews.kz  ақпарат порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Зайнутдинов Түркия кубогының 1/16 финалында Бірінші лигада5s «Эйюспорды»(4:0) жеңген ойынға қатысты. Қазақстандық тағы да орталық қорғаушы позициясында бүкіл матчты ойнады.

Үздік ойыншы атағына Зайнутдиновпен бірге «Бешикташ» сапынан Анте Ребич, Рашид Геззала және Дженк Тосунды ұсынды.

Айта кетейік, соңғы матч Зайнутдиновтың Түркия кубогындағы дебюті болды. Жалпы ол «Бешикташ» сапында барлық турнирлерде 24 кездесу өткізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары