$ 439.43  473.31  4.82

Сот орындаушылар 30-ға жуық мүгедектің шоттарын бұғаттап тастаған

Прокурорлық қадағалау актісі негізінд 27 адам 1,2 млн теңге қаражатына қол жеткізді. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Жеке сот орындаушылары мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы алатын 27 борышкердің банк шоттарын бұғаттағаны анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

Астана қаласының прокуратурасы атап өткендей, Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңына сәйкес мемлекеттік бюджеттен және (немесе) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алуға арналған банк шоттарына тыйым салуға жол берілмейді.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жарты миллион теңгенің қаражаты қайтарылып, банк шоттарына салынған тыйым алынды. Соның нәтижесінде 27 адам 1,2 млн теңге қаражатына қол жеткізді. Қазір қалалық прокуратура уәкілетті органмен бірлесіп, нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу мәселесін қарастырып жатыр, - делінген прокуратура таратқан хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары