$ 494.87  520.65  4.91

БҚО-да лауазымды тұлға мемлекетке 119 млн теңгеден астам шығын келтірген

Қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, ауыр салдарға алып келу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

 

Фото: БҚО прокуратурасы
Фото: БҚО прокуратурасы

БҚО-да аудандық жер қатыныстар бөлімінің бастығы заңсыз жер телімін беріп, оның салдарынан мемлекетке аса ірі залал келтіргені үшін сотты болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

БҚО Бәйтерек ауданы прокуратурасының тексеру нәтижесінде жер телімдерін беру заңдылығын тексеру кезінде бір азаматқа облыс орталығына жақын жерден (Орал қаласы) ірі көлемдегі жалпы аумағы 40,0 гектар (400 000 шаршы.м – 4 000 соттық жер) жер телімдері «бағбандық және саяжай құрылысына» берілгені анықталған. Сонымен қатар мемлекеттен саяжай жер телімін сатып алу құны заңсыз  төмендетілгені және 4 000 соттық жер 765 мың теңгеге сатылған. Негізінде жер телімдерінің нақты кадастырлық құны - 119,8 млн. теңгегені құрайды, осының салдарынан мемлекетке аса ірі көлемдегі залал келтірілген, – делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Осының негізінде, прокурорлық тексеру материалы СДТБТ-не тіркеліп, аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысына қатысты қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, ауыр салдарға алып келу фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыстық істің тергеуі Батыс Қазақстан облысының арнайы прокурорларына тапсырылды.

Сот үкімімен Бәйтерек аудандық жер қатынастар бөлімінің бастығы ҚК-тің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталып, жазасы қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.

Мемлекетке келтірілген залалды қайтару туралы талап арыз қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары