$ 439.43  473.31  4.82

Қазақстандық мергендер Париж олимпиадасына тағы үш жолдама иеленді

Мергендер барлығы 5 жолдамаға ие болып отыр

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Ұлттық құрама мергендері Индонезия астанасындағы Азия чемпионатының шешуші күні тағы 3 күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Аралас қарқында қозғалатын жылжымалы нысана көздеуде (10 метр) Фатима Ирназарова күміс жүлдегер атанып, 361 ұпай жинады. Ол шешуші сында Катар спортшысына ғана есе жіберді.

Ерлер арасында Асадбек Назиркульев те жарыстың күміс жүлдегері атанды. Отандасымыз 377 ұпай жинап, өзінің жеке рекордын тіркеді. Ал, командалық сында Андрей Худяков, Илья Зотеев пен Асадбек Назиркульев үштігі екінші орынға ие болды. 

Қазір мергендер еншісінде 5 жолдама бар. Ал, Азия чемпионатында Ұлттық құрама жеңіп алған жүлде саны: 4 алтын, 5 күміс, 5 қола.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары