Бұдан бұрынғы рекорд 38 ұпай болатын.
Аустралия ашық чемпионатында қазақстандық Елена Рыбакина мен ресейлік Анна Блинкованың матчында рекордтық дерек тіркелді деп хабарлайды, Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жарты сағаттан астам уақытқа созылған шешуші тай-брейк 22:20 есебімен (42 ұпай) ресейлік теннисшінің пайдасына аяқталды.
Бұл — жекелей сында «Үлкен дулыға» турнирлерінде ең ұзаққа созылған тай-брейк.
Бұдан бұрынғы рекорд 38 ұпай болатын.
2007 жылы Australian Open турнирінде франциялық Жо-Вильфрид Цонга ұлыбританиялық Энди Родикті бірінші сеттегі тай-брейкте 20:18 есебімен ұтқан еді.
Сондай-ақ украиналық Леся Цуренко өткен жылы Уимблдонда румыниялық Ана Богданды үшінші партияда дәл осындай есеппен жеңіп, аталмыш көрсеткішті қайталаған болатын.
Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымынан аса алмаған Е.Рыбакина WTA Live рейтингісінде қазіргі сәтте 3-тен 5-орынға түсіп қалды.