$ 494.87  520.65  4.91

Тұрлыханов, Дайрабаев, Уәли Ұлттық құрылтайдың мүшелігінен шығарылды

Бұдан бөлек құрамға бірнеше аймақтан қоғамдық кеңес мүшелері кірді.​

Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Ұлттық құрылтайдың жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері енді және бірқатар бұрынғы мүшелер шығарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

​Ұлттық құрылтайдың жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері – ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Юрий Шин, Қазақстанның Еңбек Ері, Семей қаласындағы № 7 мектеп-лицейінің мұғалімі Алма Шұқыжанова, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әуесбаев, Никита Шаталов, Zhubanov university басқарма-төрағасы, ректор Лаура Қарабасова, пара жеңіл атлетика бойынша спортшы Айсұлу Сүлейменова, дүнген этносының көшбасшысы Лугмар Буларов, «Азаттық рухы» ақпараттық агенттігінің тележүргізушісі, журналист Кристина Гринько тартылды.​

Сонымен қатар, бірқатар өңірдің қоғамдық кеңес мүшелері де кірген.

Ұлттық құрылтай құрамынан Б.Алтеев, А. Толамисов, Г. Қанай, С. Огай, Ж. Дайрабаев, К. Майгелдинов, Б. Уәли, А. Тимощенко-Боровикова, С. Сарыбай, Д. Тұрлыханов, А. Лодочников, С. Құранбек, Э. Суларов шығарылды, - делінген хабарламада.

Дереккөз: BAQ.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары