Кей аудандарда ішкі жолдар мен тротуарлар да сол күйі аршылмаған.
«Қар үйіліп жатыр». Тұрғындар шағымын айтқан журналист әкімге жақпай қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.
«Әркімнің пікірі өзінде қалсын». Алматыда көше қардан тазаланбай жатыр деген журналиске қала әкімі Ерболат Досаев осылай жауап берді. Апта басталғалы Алматыда қалың қар жауып, кейбір көше дұрыс тазаланбай, ақ ұлпа тау болып әлі үйіліп жатыр. Кей аудандарда ішкі жолдар мен тротуарлар да сол күйі аршылмаған. Тұрғындар тарапынан осындай шағымның көбейгенін айтқан журналист Ерболат Досаевқа жақпай қалды. Қала әкімі тұрындармен бүгінгі кездесуінде техника мен жұмысшылар дамылсыз жұмыс істеп, бір түнде 10 мың текше метрден астам қар шығарылды деді.
Әркімнің пікірі өзінде қалсын. Қар тазаланбай жатыр, әкімдік жұмыс істемейді деп айтудың керегі жоқ. Кеше жауған 27 см-лік қарды тазаладық. Тратуар, аялдама, жаяу жүргіншілер жолы да тазаланды. Мен өзім аралап бәрін көріп жүрмін. Әрине, кептеліс кезінде қозғалыс қиындасмасын деп техника жұмыс істемейді. Ал былай бір түнде қаладан 10 мың текше метрден астам қар шығарылды, деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.