19.01.2024, 20:30

Экс-премьер Асқар Маминнің шетелде жүрген видеосы тарады (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Ол қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен босатылған. 

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Асқар Маминді шетелде жүрген жерінен танып қалған қазақстандықтар видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"2022 жылғы қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен босатылған Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Асқар Мамин Түркияның Ыстамбұл көшелерінің бірінде көзге түсті",- делінген жазбада.

Айта кетейік, ол 2019 жылдың 25-ші ақпаннан бастап 2022 жылдың 5 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрдің қызметінде болды.