21.01.2024, 15:30

Былтыр Қазақстанда тұрмыстық зорлықтан 69 әйел қайтыс болған

Фото: pixabay.com

Бүгінде құжат дайын, енді ол Мәжіліс талқылауына жіберіледі.

 

Сенат депутаты Жанна Асанова Қазақстанда былтыр тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан қанша әйелдің қайтыс болғанын айтты, хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

2023 жылы Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел, 7 бала қайтыс болған. Тұрмыстық зорлық дерегі бойынша 99 мыңнан аса хабар түскен. Балаларға қарсы 2452 қылмыс жасалған. Бірнеше резонанс тудырған жағдай болды, – деді депутат.

Оның сөзінше, сенат депутаттары үкіметке осы проблемаға қатысты сауал жолдаған. Бүгінде құжат дайын, енді ол Мәжіліс талқылауына жіберіледі.

Заң жобасы мыналарды қамтиды: зорлық-зомбылықты криминализациялау, яғни ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру үшін қылмыстық жауапкершілік (қазір олар ҚР ӘҚБтК-де); оларды жария айыптаудың қылмыстық құқық бұзушылық санатына жатқызу; балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық нысандары үшін жазаны қатаңдату және тараптардың татуласуын болдырмау, – деді Жанна Асанова.