21.01.2024, 21:30

Атырау облысында бейітке барған тұрғын жоқ болып кеткен

Фото: astanatv.kz

Жедел іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Атырауда 11 күн бұрын жоғалған адам әлі іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы AtyrauPress-ке сілтеме жасап. 

Жылыой аудандық полиция бөлімі мәлім еткендей, 9 қаңтар күні 1985 жылы туған Жылыой ауданының азаматы белгісіз бағытқа шығып, осы уақытқа дейін үйіне оралмаған.

Іс-түссіз жоғалған адам 9 қаңтар күні сағат 22:30 шамасында “коммунизм таңы жанындағы бейіттің қасында келе жатырмын, адасып кеттім” деп анасына хабарласқан. 

Қазіргі таңда аудандық полиция бөлімі Төтенже жағдайлар қызметі және Әкімшілік қызметкерлерімен бірлесіп, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізуде.