22.01.2024, 10:20

Жамбыл облысында екі теміржолшыны пойыз басып кетті

Фото: ҚТЖ

Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқанымен, құрамды тоқтату мүмкін болмаған.

Жамбыл облысында Жиделі-Бірлік учаскесінде пойыз апаты болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

21 қаңтар күні таңғы сағат 07:27 кезінде Шығанақ-Шу учаскесінің Жиделі-Бірлік учаскесінде екі теміржолшыны пойыз басып кеткен. 

Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқанымен құрамды тоқтату мүмкін болмады.

Бүкіл мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы аттанды. Тергеу басталды. ҚТЖ қызметкерлердің отбасына көңіл айтып, оларға қажетті көмекті көрсетеді, - деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.