$ 443.35  475.54  4.82

СІМ: Африка елдеріне балаларды асырап алуға берген жоқпыз

Ресми өкіл «шетелдіктер асырап алған балалар туралы ақпарат жоқ» деген де шындыққа сәйкес келмейтінін айтты.

Фото: astanatv.kz
Фото: astanatv.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігі шетелге бала беру туралы журналистер сауалына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астана телеарнасының мәліметінше, «Оңтүстік Африка, Кения, Филиппин, Мексика, Мальта сияқты елдерге кеткен 120 бала бақылауға алынды ма? Бірыңғай мәліметтер жүйесі құрылды ма? БАҚ өкілдері ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровқа осындай сауалдар қойды.

"Ол ақпаратты қайдан алғанын білмеймін. Біздегі ақпаратқа сәйкес, біз Африка елдеріне балаларды берген жоқпыз. Өйткені бізде 1990-2000 жылдары балаларды тек Батыс елдерінің өкілдеріне беретін талап болған. Батыс елдерінің азаматтары сол елдерде дипломат болып жұмыс істеуі мүмкін. Солар асырап алған. Ондай елдерге (Африка елдеріне) біз балаларды бермейміз", - деді ол.

Ресми өкіл «шетелдіктер асырап алған балалар туралы ақпарат жоқ» деген де шындыққа сәйкес келмейтінін айтты.

Барлық бала бойынша ақпараттарды жинап отырамыз. Әрине, кейбір кезде бір мекенжайдан басқа мекенжайға көшіп кетіп, ақпарат болмай қалуы мүмкін. Қазіргі таңда 18 жасқа дейінгі 1993 бала консулдық есепте тұр, - деді Смадияров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары