$ 439.43  473.31  4.82

«Алтын доптың» абыройы қалмады – Роналду Месси туралы айтты

2023 жылы «Алтын доп» жүлдесі сегізінші рет Лионель Мессиге берілді.

Фото: instagram.com/cristiano/
Фото: instagram.com/cristiano/

Футболдан Португалия құрамасы мен «Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду заманауи футолдағы жеке жүлделерге қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Айта кетейік, бірер күн бұрын даңқты футболшы Globe Soccer Awards премиясының үш номинациясы бойынша үздік деп танылған болатын. Атап айтқанда, «Таяу Шығыстың ең үздік ойыншысы», «жыл сұрмергені» және «жанкүйерлер сүйіктісі» деген жүлделер Роналдуға берілді.

Ал, ФИФА-ның жылдың ең үздік футболшысына берілетін The Best жүлдесін Лионель Месси жеңіп алды.

«Алтын доп туралы және The Best жүлдесі туралы не ойлайсың дейсіздер ме? Бұл жүлделер абыройдан айрылды. Бірақ бұл Месси, Холанд немесе Мбаппе бұл жүлделерге лайықты емес дегенді білдірмейді. Мен жай ғана олардың әділ берілетініне сенбеймін», - деді Роналду Record басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, 2023 жылы «Алтын доп» жүлдесі сегізінші рет Лионель Мессиге берілді. Ал, роналду бұл жүлдені бес рет алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары