Қорытынды жиында жергілікті қауымдастықтың 50 мүшесінің 49-ы Атамекенге дауыс берді.
Павлодар қаласының іргесіндегі Ленин кенті көпшіліктің қалауымен Атамекен болып аталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жергілікті қоғам белсенділері биыл жазда кентке 6 түрлі нұсқа ұсынған. Олар — Қазанғап, Бидайық, Атамекен, Ынтымақ, Қазына және Жетінші ауыл.
Қорытынды жиында жергілікті қауымдастықтың 50 мүшесінің 49-ы Атамекенге дауыс берді.
Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 4 бірлескен қаулысы мен Павлодар облыстық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 105/8 шешімімен Ленин кенті Атамекен болып қайта аталды, — деп хабарлады кенттің әкімдігінен.