22.01.2024, 17:40

Құлыбаевтың компаниясына 1,7 миллиард теңге айыпппұл салынды

Ұлттық олимпиадалық комитет

Сатып алу - сату шарты бойынша талаптарды бұзған.

Атырау облысында Тимур Құлыбаевтың компаниясына айыппұл салынды,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Bugin.kz-ке сілтеме жасап. 

Joint Technologies ЖШС-нен "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС үлесінің 50 пайызын сатып алу-сату шарты бойынша талаптарды бұзғаны үшін бюджетке 1,7 миллиард теңге мөлшерінде айыпппұл төлейді.

"Сондай-ақ, бәсекелестікті қорғауды бұзғаны үшін "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС сот қаулысы бойынша, ӘҚБтК-нің 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 324 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұған дейін прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 5,7 миллиард теңгеге 50 пайыз үлес түріндегі мүлік мемлекетке қайтарылған болатын", - делінген хабарламада.