23.01.2024, 11:00

Смайылов: Халыққа дер кезінде хабарламағандықтан олар ойсыз әрекеттерге барды

Фото: ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы

Премьер-Министр шұғыл жағдайда халықты құлақтандыру қызметі әлсіз болғанын сынады.

 

 

 

 

Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Алматыдағы сілкінісі кезінде халықты құлақтандыру жүйесі дер кезінде іске қосылмағанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Көргеніміздей, ТЖМ-нен бастап әкімдіктерге дейін мемлекеттік органдардың бүкіл қызметтері болған оқиғаға әрекет ете білді. Бақытқа орай, қаза болғандар мен салмақты шығын жоқ. Бірақ зардап шеккендер бар, — деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр шұғыл жағдайда халықты құлақтандыру қызметі әлсіз болғанын сынады.

Адамдар уақтылы ақпараттандыру мен айқын әрекет болмағандықтан байбаламға бой алдырды. Олар 2, 3-қабаттан секіріп, ойсыз әрекеттерге барды. Бұл құлақтандыру жүйесі дер кезінде іске қосылмағанын, халыққа барынша ерте хабарландырулар таратып, хабарландыру керек болғанын көрсетеді, — деді Әлихан Смайылов.

Еске салсақ, Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Алматыдағы жер сілкісіні кезінде ғимараттар бүлінбегенін айтты.